384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сомалиді алапат қуаңшылық жайлап тұр

  • 968
  • UPD: 15:28, 08.03.2017

БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерреш Сомалиге ресми сапармен келді.

Ол ел президентімен аштық мәселесін талқылауды жоспарлап отыр. Айта кеткен жөн, қазір Сомалиді алапат қуаңшылық жайлап тұр. Соның салдарынан өткен аптада 110 адам ашаршылықтан көз жұмған. 3 млн-ға жуық тұрғын таза ауызсуға зәру болып отыр. Елде төтенше жағдай жарияланған. Осы ретте мемлекет басшысы әлемдік қауымдастықтан көмек сұрап отыр. Жалпы, билік жағдайдың былай ушығуына Аш-Шабаб лаңкестерін айыптайды. Өйткені осы топ жендеттерінің шабуылдары кесірінен гуманитарлық ұйымдар кейбір өңірлерге қатынаудан қалған. Жуырда Африкадағы тағы бір ел Оңтүстік Суданда да аштық туралы жария етілген болатын.        

Хабар 24 телеарнасы