386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістан мен Ауғанстан шекарасындағы бекеттер уақытша ашылды

  • 789
  • UPD: 18:49, 08.03.2017

Пәкістан Ауғанстанмен шекарадағы Чаман және Торхам кеден бекетін уақытша қайта ашты.

Бірақ әзірге бұл жерден тек жаяу саяхатшылар ғана өте алады. Ал көлікпен жүруге рұқсат жоқ. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, шара екі елге саяхаттап барған азаматтардың отанына қайтып оралуына мүмкіндік беру үшін жасалып отыр. Ал бұл бақылау-тексеру орындары осыдан үш апта бұрын Пәкістанда бірнеше лаңкестік әрекеттен кейін жабылған болатын. Содырлардың шабуылынан соң жергілікті билік тәртіпті қатайтумен қатар шекараның кей жерінде қорған тұрғызуға шешім қабылдаған.

Ифтихар Хан, Ауғанстан азаматы:

- Негізі адамдардың құжаты бір-ақ рет тексерілуі керек. Бірақ қазір мұнда төрт тексеру бекеті құрылған. Біз сағат 07:00-де келгенбіз. Содан елге өту үшін әлі қажетті мөр бастыра алмай тұрмыз.

Хабар 24 телеарнасы