385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда лаңкестер қолынан 1 сарбаз қаза тапты

  • 445
  • UPD: 22:54, 08.03.2017
Түркияда лаңкестер қолынан 1 сарбаз қаза тапты Фото: Yeni Akit

Түркияның Диярбақыр провинциясында лаңкестерге қарсы операция кезінде 1 әскери қаза тапты.

Бұл туралы Ntv haber хабарлайды.

Ол Диярбақырдың Лидже ауданында «Күрдістан жұмысшы партиясына» қарсы операция кезінде атыстан ауыр жараланған. Ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Арнайы операцияға сарбаздардан жасақталған 16 топ және ауыл сақшылары қатысуда. Жалпы аймақтағы операция кезінде 19 лаңкестің көзі жойылды.

Хабар 24 телеарнасы