387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кабулда госпитальға жасалған шабуылдан 30 адам қаза тапты

  • 530
  • UPD: 09:39, 09.03.2017
Кабулда госпитальға жасалған шабуылдан 30 адам қаза тапты

Ауғанстан астанасындағы әскерилер емделетін ауруханаға шабуыл жасалып, салдарынан 30 адам қаза тапты.

Бұл туралы AP хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, шабуылшылар сол госпитальдің дәрігерлеріндей киініп алып, ішке құпия түрде еніп кеткен. Қанды шайқас барысында 47 адам жараланды.

Бірнеше сағатқа созылған шайқастың шиелескені соншалық, ауруханаға ғимаратының үстіне тікұшақ шығарып, қосымша күш жұмылдыруға тура келді. Ақыры әскерилер 4 шабуылшының көзін жойды.

AP-ден аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы