383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта 60 шақты піл қала көшелерімен жүріп өтті

  • 544
  • UPD: 18:17, 13.03.2017

Таиландтағы Аютт-хаяда 60 шақты піл қала көшелерімен жүріп өтті.

Артынша жануарларға жемістерден мерекелік үстел жайылып, құрмет көрсетілді. Өйткені бүгін - пілдер күні. Бұл мереке Таиландта 1998 жылдан бері тойланады. Жануарларды қорғау ұйымдарының белсенділері осы шара арқылы сүтқоректілер санының азаюы және оларға қатыгездік көрсету мәселесіне назар аударуды жоспарлаған. Айтуларынша, соңғы уақытта олар корольдікке демалып келетін туристердің аттракционына айналған. Бүгінде елдегі жабайы пілдер 3 700-ге жетер-жетпес. Ал қолға бейімделгендердің саны 4 мыңнан асып жығылады.

Лаитонгриен Мипан, пілдерді өсіру орталығының менеджері:

- Болашақта пілдердің туристік индустрияда қолданылуы деректерін қысқартуға ниеттіміз. Қазірдің өзінде осында мекен ететін жануардың 30 пайызы адамдарды тасымалдамайтын болды. Келушілер енді оларды жуындырып, тамақ бере алады.

Хабар 24 телеарнасы