385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда отшашу техникасының жарылысынан 3 адам қаза тапты

  • 682
  • UPD: 17:54, 15.03.2017
Иранда отшашу техникасының жарылысынан 3 адам қаза тапты http://www.dw.com/ Илахыр чершенбені атап өту кезіндегі от шашу

Иранда Наурыз мерекесінің қарсаңындағы соңғы сәрсенбіні атап өтетін «Илахыр чершенбе» деген мереке бар.

Таяуда осы күнді атап өту кезінде көшеге шығып, жаппай от шашқан жұрттан 2351 адам жараланған. Жалпы ауруханаға жарасы шыдатпаған 600 адам жатқызылды, деп хабарлайды парсы тілінде жаңалық таратушы Deutsche Welle.  

Пиротехниканың жарылысынан 3 адам қаза тапты. Олардың арасында 14-тегі жасөспірім болған.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы