386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда жігіт қызына үйлену тойы сыйлығына 33 тонналық тас тарту етті

  • 670
  • UPD: 12:50, 16.03.2017
Қытайда жігіт қызына үйлену тойы сыйлығына 33 тонналық тас тарту етті http://en.people.cn/

Үрімші тұрғыны өзі көңіл қосқалы жүрген қызына бұрын-соңды болмаған ерекше тарту жасады.

Өзінің қызға үйленгісі келетінін білдіріп, оған бұл ұсынысын білдіргісі келген жігіт оған салмағы 33 тонна тартатын қара тасты сыйлады.

PeopleChina хабарлауынша, болашақ күйеу бұл тасты қызымен ел аралап жүріп, бір коллекционерден көріп қалған. Артынша ол бір өзі барып, оны коллекционерден 160 мың АҚШ долларына сатып алыпты. Жігіттің айтуынша, коллекционер бұл «жәй тас емес, метеорит» депті. 

Жігіттің тосын сыйлығы көңілінен шықпаса да, қыз оған тұрмысқа шығуға келісімін берген екен.

Айта кету керек, бастапқыда болашақ отағасы қызға үйлену тойының сыйлығы ретінде пәтер алып бермек болған.

PeopleChina-дан аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы