387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде сарбаз өзінің қаруын тартып алмақ болған адамды атып тастады

  • 744
  • UPD: 18:25, 18.03.2017

Францияның Париж-Орли әуежайында белгісіз біреу қару асынған әскериді шабуылдап, мылтығын тартып алмақ болды.

Сол сәтте сергектік танытқан сарбаз шабуылшысын атып тастады. Бұл туралы BFM TV хабарлайды.

Қазір оқиға орнында саперлер жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ полиция оққа ұшқан шабуылшының ықтимал сыбайластарын іздеп, әуе айлағында тексеру жүргізіп жатыр.

Полиция әуежайдағы жұрттың абай болуын ескертті.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы