389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейжіңдегі Қазақстан балғындары Наурыз мейрамын атап өтті

  • 505
  • UPD: 14:33, 19.03.2017

Биыл көктем мерекесіне бүлдіршіндер ерекше дайындықпен келген.

Қыдыр ата ақ батасын берді, шашу шашылды. Әрине, әркім наурыз көжеден дәм татты. Туған Отанынан жырақта жүрген бүлдіршіндер үшін бұл мереке Қазақстанда жүргендей әсер бергені анық. Ән әуелеп, кішкентай бишілер мың бұралып өнерлерін көрсетті. Балаларға Наурыз мерекесіне арнайы тігілген киіз үйдің жабдықтары таныстырылды. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін ұлықтаған өлеңдер оқылып, ойындар ойналды.

Қаламқас Жүзбаева, ҚР ҚХР Елшісінің бірінші хатшысы:

- Біз бұдан бөлек балаларымызға сенбілік қазақ тілін өткіземіз. Сол қазақ тілінің жалғасы ретінде және осы тарихи маңызды дәстүріміздің нышандарын таныстырумен байланыстырып өткізіп отырмыз. 

Хабар 24 телеарнасы