387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиланд премьер-министріне қастандық жасалмақ болды

  • 337
  • UPD: 19:57, 20.03.2017

Таиланд премьер-министрі Прают Чан-Очаға қастандық жасалмақ болды.

Елдің құқық қорғаушылары заңсыз қару сақталған қойманы анықтаған. Тінту кезінде түрлі қару мен граната табылды. Қылмыстық іске қатысты 9 адам қамауға алынған. Жергілікті полиция қызметкерлерінің мәліметтеріне қарағанда, шабуылды солшылдардың «Диктатураға қарсы біріккен демократиялық фронт» саяси қозғалысы жетекшілерінің бірі ұйымдастырған. Олар қазір биліктегі партияға көңілі толмай, бұрынғы премьерді қолдайды. Ал қойма иесі 2014 жылдан бері қашып жүр.

Айта кетейік, 2014 жылы қазіргі премьер-министрі Прают Чан-Очаның жетекшілігімен Таиландта әскери төңкеріс болған еді. Содан кейін елде әскери жағдай енгізілген.

Хабар 24 телеарнасы