389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропаға Жерорта теңізі арқылы босқындар келетін бағыт жабылуы мүмкін

  • 1329
  • UPD: 18:58, 21.03.2017

Еуропа Жерорта теңізі арқылы босқындар келетін бағытты жабу үшін 800 миллион еуро жұмсауы тиіс.

Ливия соңғы үлгідегі техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілсе, өз жағалауынан қайықтардың шығуына тосқауыл қоюға әзір екенін жеткізді. Төрт тікұшақ, он кеме, он катер, радарлық жүйелер мен спутниктік телефондар, сүңгуір киімдері, түнде көру құралдары мен ең бастысы заманауи жағалау күзеті орталығының салынуы. Бұл Ливияның Ұлттық келісім үкіметінің басшысы Фаиз Сарадждың Римдегі кездесу барысында Еуроодақ мемлекеттерінің ішкі істер министрлеріне қойған талабы. Кәрі құрлық елдері Ливиямен мәмілеге келсе, осы талаптарды орындау үшін 800 миллион еуро жұмсауға мәжбүр болмақ. Қазірдің өзінде Брюссель 200 миллионды төлеуге дайын. Себебі Еуропаға теңіз арқылы ағылған мигранттар легі әлі де азаяр емес, керісінше келген босқын саны ай сайын артып барады.

Томас де Мезьер, Германияның ішкі істер министрі:

- Ливия үкіметі өз жерінде қылмыстарға жол бермеуге және ел жағалауын қадағалап отырған қылмыстық топтардан босатуға ниетті. Сондай-ақ босқындарды адам төзгісіз жағдайда лагерьде қамап ұстауға да мүдделі емес. Демек, біздің ортақ мақсатымыз – мигранттар санын қысқарту. Бұл істің оңай болмайтынын бәріміз жақсы білеміз.

Хабар 24 телеарнасы