389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тайваньда зауытта болған өрттен отбасы қаза тапты

  • 386
  • UPD: 13:35, 22.03.2017
Тайваньда зауытта болған өрттен отбасы қаза тапты blogspot.com

Тайвань аралының Тайчжун қаласында пластик өңдейтін зауыттан өрт шығып, 4 адам қаза тапты.

Қаза тапқандар арасында 2 жастағы қыз бала бар, деп хабарлайды аралдың өрт сөндіру қызметіне сілтеме берген Focus Taiwan.

Бұл адамдардың барлығы бір отбасының мүшесі болғаны анықталды. Олар өндіріс цехымен қатар орналасқан тұрғын ғимаратта көз жұмған.

Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы