388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америкада қарны аш лама көлікке кіріп кетті

  • 601
Америкада қарны аш лама көлікке кіріп кетті Nevainfo.Ru

Америкадағы сафари-паркте қарны ашқан лама бүлдіршінді өзінің әрекетімен қатты қорқытты. 

Теннеси штатындағы сафари-паркіндегі лама Трей Дженсен мен оның отбасының есінен әлі ұзақ уақыт кетпеуі мүмкін. Себебі серуен кезінде олардың көліктерінің жанына бірнеше аш хайуанаттар жиналып қалған. Жанұя еш сескенбестен оларды тамақтандыруды жөн санаған. Алайда тамақтанып алғаннан соң, ламалар терезесі ашық көлікке бастарын сұғып, салонда отырған баланың зәресін ұшырған. Қорыққан жеткіншек оратылып алып, жан дауысымен жылаған. Ролик Youtube сайтында 100 мыңнан астам рет қаралды.

Хабар 24 телеарнасы