386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан бері Еуропаға 25 мыңнан астам босқын келген

  • 313
  • UPD: 12:08, 24.03.2017

Жерорта теңізінің Ливия жағалауында 250 мигрант мінген екі қайық суға кетті.

Құтқарушылар 5 адамның жансыз денесін тапқан. Қалған жолаушылардың тағдыры әзірге беймәлім. Өңірде іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатыр.

Айта кеткен жөн, жыл басталғалы Еуропаға 25 мыңнан астам босқын келген. Көбісі Африка елдерінің азаматтары. Олардың Кәрі құрлыққа қауіпті сапары негізінен Ливия арқылы өтеді. Өйткені 2011 жылы осы елдің көсемі Муаммар Каддафи тақтан тайдырылғаннан кейін мұнда орталық билік құру мүмкін болмады. Еуропаға жетуді армандаған мигранттар әдетте осы жағдайды пайдаланады.

Хабар 24 телеарнасы