388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бішкекте құлаған ұшақ апатының себебі анықталды

  • 558
  • UPD: 15:23, 25.03.2017

Халықаралық авиация комитеті Бішкек маңында құлаған жүк тасымалдайтын ұшақ апатына не себеп болғанын жариялады.

Алдын ала қорытынды бойынша қонуға бағыт алған ұшақ, екінші айналымға өте кеш шыққан. Сөйтіп қайта көтерілуге мүмкіндік беретін биік-тіктен төмендеп кетіп, жердің биіктеу дөңесіне соғылған. Еске сала кетейік, Түркия әуе компанияларының біріне тиесілі Boeing 747 ұшағы осы жылдың 16 қаңтарында «Манас» әуежайының маңындағы елді мекеннің үстіне құлаған еді. Апаттан тұрғындар мен экипаж мүшелерін қосқанда 39 адам мерт болған.

Хабар 24 телеарнасы