384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перу билігі Венесуэла астанасы Каракастағы елшісін қайтарып алды

  • 2152
  • UPD: 12:31, 31.03.2017

Перу билігі Венесуэла Жоғарғы сотының шешімін сынға алып, Каракастағы елшісін қайтарып алды.

Өйткені жоғарғы соттың әрекеті құқықтық мемлекеттің принциптеріне қайшы. Айта кетейік, бұған дейін Жоғарғы сот ел президенті Николас Мадуроға парламенттің келісімінсіз шешімдер қабылдауға рұқсат еткен. Оған қоса, сот төрелігіне құрмет көрсетуді талап етіп, басым бөлігі оппозиция мүшелерінен тұратын заң шығарушы органның құзіретінде өзіне алған. Жоғарғы соттың шешімін Америкалық елдер одағының Бас хатшысы да қатаң сынға алды. Ал жергілікті тұрғындар сот парламент құзіретін заңсыз тартып алды деп наразылық білдіріп жатыр. Жоғарғы соттың мұндай шешім шығаруына 2015 жылдың желтоқсанында Амасонас штатында өткен депутаттар сайлауы себеп. Ол кезде сот қорытындыны заңсыз деп таныған. Дегенмен парламент бұл талапты орындаудан бас тартты.

Хулио Борхес, Венесуэла ұлттық ассамблеясының басшысы:

- Ұлттық ассамблея Жоғарғы сот билігін мойындамайды. Олар өзін-өзі сайлап отыр. Ал бізді Венесуэланың 14 миллион халқы сайлаған. Олар мемлекеттің конституциясын бұзып, заңға қайшы әрекет етіп отыр.

Луз Сальгадо, Перу конгресінің президенті:

- Перу конгресі бостандықтан айырылудың аз-ақ алдында тұрған Венесуэла халқын және демократия мен ынтымақтастықты қолдайды. Сондықтан үкіметтің Каракастағы елшісін қайтару туралы шешімін дұрыс деп есептейміз. Конгрестің келесі отырысында Венесуэланың Ұлттық Ассамблеясына қолдау білдіретініміз ресми жарияланады.

Хабар 24 телеарнасы