378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мысырдың Танта қаласында жарылыс болып, 16 адам жараланды

  • 385
  • UPD: 13:31, 02.04.2017

Мысырдың Танта қаласында жарылыс болды. Салдарынан 16 адам жараланған.

Олардың екеуі қазір хал үстінде. Оқыс оқиға елдің ішкі істер министрлігіне қарасты жаттығу лагерінің жанында болды. Жарылғыш зат ғимарат алдында тұрған мотоциклге қойылған. Жапа шеккендердің дені тәртіп сақшылары. Әзірге шабуылды ешбір топ өз мойнына алған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы