387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әскерилерге қарсы ұйымдастырылған жарылыстан 5 түрік сарбазы қаза тапты

  • 436
  • UPD: 18:41, 04.04.2017
Әскерилерге қарсы ұйымдастырылған жарылыстан 5 түрік сарбазы қаза тапты Фото: haberler.com

Түркияның Ширнак провинциясындағы Габар тауы аймағында лаңкестерге қарсы арнайы операция жүргізілді.

Қауіпсіздік күштерінің «Күрдістан жұмысшы партиясы» содырларына қарсы жүргізілген операциясында 3 сарбаз қаза тауып, тағы 5-еуі жараланды. Бұл туралы NTV Haber хабарлайды.

Белгілі болғандай, лаңкестер алдын ала орнатылған жарылғыш затты іске қосқан.

Жаралылар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ операция кезінде лаңкестік ұйымның 5 мүшесі өлтірілді.

Хабар 24 телеарнасы