384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың Флорида штатындағы автотұрақта шыққан өрттен 10 жүк көлігі күлге айналды

  • 503
  • UPD: 09:59, 05.04.2017

Американың Флорида штатындағы автотұрақта өрт шықты. Жалын қас қағым сәтте 10 жүк көлігін күлге айналдырған.

Әзірге қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ. Жергілікті арналардың хабарлауынша оқыс оқиға Опа-лока қаласындағы тасымалдау компаниясының тұрағында болған. Қызыл жалын шарпыған аймаққа 22 өрт сөндіруші мен бірнеше техника тартылды. Төтенше жағдайлар қызметінің болжамынша, от тұрақ жанында ұзақ уақыттан бері жатқан газ баллондарынан шыққан болуы мүмкін. Билік өкілдері келеңсіздікке байланысты шаһардағы әуежай жұмысын уақытша тоқтатты.

Хабар 24 телеарнасы