384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТГИЛ содырлары Мосулдағы 140 бейбіт тұрғынды өлім жазасына кесті

  • 433
  • UPD: 23:23, 07.04.2017

«Ирак пен Левант лаңкестік тобының» содырлары Мосул қаласының 140 тұрғынын дарға асты.

Бұл туралы Twitter әлеуметтік парақшасында Ирактағы Күрдістанның Қауіпсіздік кеңесі жариялады. Мәліметтерге қарағанда, марқұмдар лаңкестердің бақылауындағы ауданнан қашып шығып, үкімет жасағына қосылуды көздеген. Бірақ оларды қолға түсірген қаскөйлер түгел өлтіріп, кейбірінің денесін электр бағаналарына іліп қойған.

Айта кетейік, АҚШ басқаратын коалицияның көмегімен Ирак жауынгерлері Мосул қаласын азат етуге өткен жылдың қазанында кірісті. Бүгінде шаһардың шығысы толықтай биліктің бақылауында. Енді батыс аудандар үшін қан майдан жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы