384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Стокгольмде жаяу жүргіншілерді қаққан жүк көлігінен жарылғыш зат табылды

  • 393
  • UPD: 15:41, 08.04.2017

Швеция полициясы бір топ адамды қаққан жүк көлігін тексеру кезінде ішінен жарылғыш зат салынған сөмке тапқан.

Еске сала кетейік, жан түршігерлік оқиға кеше ел астанасы Стокгольмның орталық көшесінде болды. Жоғары жылдамдықпен жүйіткіген жүк көлігі біп топ адамды қаққан. Оны тізгіндеген қаскөй ізін суытып үлгергенімен, артынша полицейлердің қолына түсті. Тәртіп сақшылары сондай-ақ тағы бір күдіктіні қамауға алған. Жергілікті билік оқиғаны «лаңкестік әрекет» деп атады.

Соңғы мәлімет бойынша 4 адам қаза тауып, тағы 15-і жараланған. Шабуылдан кейін Швециямен қоса көрші Норвегия және Финляндия билігі қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қам-қарекет жасады.

Қазір Стокгольмдегі мемлекеттік мекемелер мен өзге де ұйымдарда тулар төмен түсірулі тұр.

Хабар 24 телеарнасы