387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАЭО-ға қосылғаннан бері Қырғызстанда экспортқа бағытталған көптеген кәсіпорын құрылды

  • 400
  • UPD: 19:56, 08.04.2017

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болу Қырғызстанның ұлттық мүддесін қорғау.

Алмазбек Атамбаев Тұрақты даму кеңесінің отырысында осындай мәлімдеме жасаған. Қырғызстан президентінің айтуыша, ЕАЭО өндірістік әлеуетті арттырудан бастап, еңбек мигранттарының мүддесін қорғау секілді көптеген мәселені кешенді түрде шешуге мүмкіндік берді.

Президент, үкімет, парламент депутаттары, ғалымдар мен кәсіпкерлер. Бұл Тұрақты даму кеңесінің құрамы. Алқалы жиынның басты міндеті мемлекеттің алдағы уақыттағы даму бағытын айқындау. Күшті экономика мемлекеттің ілгері дамуының кепілі. Осы орайда президент Алмазбек Атамбаев Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруін маңызды стратегиялық қадам деп бағалады.

Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан Республикасының Президенті:

- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болу – ұлттық мүддемізден туындаған қажеттілік. Біз оған кірмесек, еліміздің экономикасы ары қарай дамымас еді. Сондай-ақ аса маңызды мәселелердің бірі одақтастыққа мүше болудың арқасында 700 мыңнан астам еңбек мигрантының мүддесі қорғалды.

Ресей мен Қазақстанда еңбек ететін қырғызстандықтар жыл сайын 2 миллиард доллар еліне жіберіп отырады. Бұл –Қырғызстанның жалпы ішкі өнімінің үштен бір бөлігі. ЕАЭО-ға кіргенге дейін еңбек мигранттарының мәселесі әрбір елмен жеке қаралған еді. Ал қазір бірлестікке мүше болғаннан кейін сыртта жүрген қырғызстандықтар гастарбайтер деген атаудан құтылып, жергілікті тұрғындармен тең еңбек ету құқығына ие болды. Сонымен қатар, Қырғызстанның одақтасуы отандық кәсіпкерлерге импорт тәуелділігінен айырылу үмітін берді.

Умбриэль Теміралиев, ҚР жас кәсіпкерлер қауымдастығының президенті:

- Импортталған тауардың көлемі сатылған тауардан 5-6 есе асатын. Мигранттар жіберген ақшаның және Қытайдан арзанға алынған тауарды Ресей мен Қазақстанға саудалап, алып сатарлықпен күнімізді көрдік. Әрине, осындай тірлік ұзаққа бармайтыны белгілі. Себебі кез келген ел даму үшін өзінің экспорттық әлеуетін арттыруы тиіс.

Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіргеніне екі жылдай болды. Осы мерзімнің ішінде елде экспортқа бағытталған көптеген кәсіпорын құрылды. Әсіресе азық-түлік және қайта өндеу салаларында. Дегенмен түйінін тарқатуды қажет ететін мәселелер де шықты. Оның дені қырғызстандық тауарларды ЕАЭО қатаң талаптарына сәйкестендірумен байланысты. Өнеркәсіп, ауылшаруашылық, инвестициялар мен еңбек нарығы. Бұл одақтастық шеңберінде дамытуға мүмкіндігі зор салалардың қысқаша ғана тізімі. Сол себепті Қырғызстанның алдағы онжылдықтағы басты мақсаттарының бірі ЕАЭО аясында өзара әрекеттесу болып тұр.

Авторы: Бакыт Чермашев 

Хабар 24 телеарнасы