384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каракас тұрғындары билік саясатына қарсы

  • 301
  • UPD: 08:43, 10.04.2017

Венесуэла астанасында мыңдаған адам ереуілге шықты.

Каракас тұрғындары биліктің саясатына қарсы. Атап айтқанда, жұма күні үкімет оппозиция жетекшілерінің ішіндегі ең беделдісі Энрике Каприлестің 15 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салған еді. Сол-ақ екен, барлық оппозиция өкілдері жаппай наразылыққа шықты. Жергілікті полиция жұртты тоқтатпақ болған. Бірақ ашынған адамдар тәртіп сақшыларына тас пен жанғыш сұйықтық құйылған құты лақтырды. Полиция тәртіп орнату үшін көз жасаурататын газ қолданды. Шеруге шыққандар «Диктатураға жол жоқ», «Каприлес президент» деп ұрандатқан. Олардың айтуынша, билік мұндай шешім арқылы басшылыққа үміткерлерді заңсыз жолмен ығыстырмақ.

Айта кетейік, бүгінде Миранда штатының мэрі қызметін атқарып жүрген 44 жастағы саясаткер 2013 жылы өткен президент сайлауында қазіргі басшы Николас Мадуродан небәрі 1,5 пайыз дауыспен жеңілген болатын. Ал келесі президент сайлауы 2018 жылы өтуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы