386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мосулдан қашқан босқындар лагерьлерге орналастырылды

  • 353
  • UPD: 13:29, 10.04.2017

Ирактың Мосул қаласын азат ету операциясы басталғалы бері ол жақтан бас сауғалап қашқан 250 мың адам босқындар лагеріне орналастырылды.

Алдағы апталарда тағы 100 мың мигрант келуі мүмкін. Бұл туралы Босқындарға көмек көрсету комиссиясының басшысы генерал Башар Мұстафа мәлімдеді. Оның айтуынша, Мосул қаласы орналасқан Найнава провинциясында қазір 20 босқын лагері жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ туған-туыстарына барып паналаған адамдар да мыңдап саналады дейді.

Айта кетейік, үкімет әскері Мосул қаласын азат ету операциясын өткен жылдың қазан айында бастаған. Осыдан кейін шаһардың шығыс бөлігін қолына алған жауынгерлер ақпан айында батыс аудандарды шабуылдауға кіріседі. Қазір сарбаздар қаланы толық қоршауға алып, батыс аудандардың үштен екі бөлігін азат еткен.

Хабар 24 телеарнасы