388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бішкекте «Қырғызстан аруы-2017» байқауы өтті

  • 484
  • UPD: 09:15, 11.04.2017

Айыр қалпақты ағайындардың елінде арулар сайысы өтті.

«Қырғызстан аруы-2017» атағын алу үшін республиканың әр өңірінен 16 бойжеткен Бішкекке жиналып, бақ сынады. Шығыс биін мың бұрала билеп, кешкі көйлекпен сән үлгісін көрсеткен арулар, ұлттық киімді үлбірете киіп, сайыстың көркін қыздырды. Сондай-ақ әрқайсы өз өнерін ортаға салып, шығармашылықтан да кенже емес екенін көрсетті. Жалпы сайыс алты кезеңнен тұрды. Ал жеңіс 19 жастағы студент қызға бұйырып, басына тәж киді. Сонымен қатар, жеңімпазға жүз мың қырғыз сомы беріліп, «Әлем аруы-2017» сайысына Қырғызстан атынан қатысуға жолдама алды. Арулардың әлемдік сайысы желтоқсан айында Қытайда өтеді деп жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы