389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея мен АҚШ Қарулы күштерінің бірлескен әскери жаттығуы басталды

  • 564
  • UPD: 18:57, 11.04.2017

Оңтүстік Корея мен АҚШ Қарулы күштерінің Пхохан қаласында бірлескен әскери жаттығуы басталды.

Жаттығуға 2 жарым мың америкалық және мыңнан астам оңтүстіккореялық сарбаз қатысып жатыр. Сондай-ақ 50 әскери кеме тартылған. Екі мемлекет осы арқылы өз күштерінің логистикалық қабілетін нығайтуды көздейді. Жаттығу 21 сәуірге дейін жалғасады.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай елі Корей түбегіндегі мәселені шешуге ықпал етпесе, онда жеке дара қимылдайтынын ескерткен. Ал кеше Сингапурден шыққан АҚШ соққы беруші кемелер тобы кенеттен өздерінің бағытын өзгертіп, Оңтүстік Кореяға қарай беттеді. Себебі жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Пхеньян өз әскерінің құрылған күніне қарай зымырандарды тағы сынақтан өткізуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы