387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мосул қаласының 350 мыңнан астам тұрғыны босқынға айналған

  • 346
  • UPD: 19:13, 11.04.2017

Ирактың Мосул қаласындағы атыс-шабыстың салдарынан 350 мыңнан астам тұрғын босқынға айналған.

Бұл туралы БҰҰ хабарлайды.

Айта кеткен жөн, «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» бейресми астанасы саналатын Мосул үшін шайқас былтыр күзде басталған. Қаңтарда шаһардың шығысы толығымен содырлардан азат етілді. Ал батысын жаудан тазарту шарасы ақпаннан бері жүріп жатыр. Үй-жайын тастап, басы ауған жаққа босып кеткендердің дені – осы батыс аудандарының тұрғындары.

Хабар 24 телеарнасы