389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда түрме күзетшілері наразылық акциясына шықты

  • 342
  • UPD: 19:32, 11.04.2017

Франция астанасы Париждегі Флёри-Мерожи түрмесінің күзетшілері наразылық шеруіне шығып, полициямен қақтығысты.

Себебі шерушілер дөңгелектермен жолды бөгеп, оларға от қойған. Осыдан кейін полицейлерге қарсылық көрсетті. Бірақ жапа шеккендер туралы мәлімет жоқ. Ал акция жергілікті билікті түрмедегі қауіпсіздік мәселесіне көңіл аудармақ үшін ұйымдастырылған. Шерушілер абақтыдағы күзетшілерді көбейтіп, сотталғандарды азайтуды талап етіп отыр. Өйткені аталған түрмеде экстремистік ұйымдардың мүшелері қамалған. Сондай-ақ олардың күзетшілерге шабуылы жиілеген.

Түрме күзетшісі:

- Полиция бізді қорқыта алмайды. Олар өздерінің жұмысын атқарады. Бірақ біз француз түрмелерінде не болып жатқанын білсін деген мақсатпен шеруге шықтық. Бізге құрал-жабдықтардан бөлек, жұмыс күші жетіспейді. Осының салдарынан қызметімізде көп қиыншылыққа тап болып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы