387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мосул үшін шайқас кезінде 1140 ғимараттың күл-талқаны шықты

  • 510
  • UPD: 17:27, 14.04.2017

Ирактың Мосул қаласы үшін шайқас кезінде оның батыс бөлігіне елеулі зақым келген.

Бұл туралы БҰҰ хабарлайды. Халықаралық қауымдастық өкілдерінің айтуынша, мұнда 1 мың 140 ғимараттың күл-талқаны шыққан. Бұл шаһардың шығысындағы қираған құрылыс санымен салыстырғанда, екі жарым есеге көп.

Айта кеткен жөн, Мосул «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» бейресми астанасы саналады. Қала үшін шайқас былтыр күзде басталды. Қаңтарда шаһардың шығысы толығымен содырлардан азат етілді. Ал батыс бөлігін жаудан тазарту шарасы ақпаннан бері жүріп жатыр. Бұл аудандардың 300 мыңға жуық тұрғыны үй-жайын тастап, босып кеткен. Азат ету операциясына үкімет жасағы мен күрд жауынгерлері қатысып жатыр. Оларға АҚШ бастаған халықаралық коалиция әуеден соққылар жасап, жәрдемдесіп келеді

Хабар 24 телеарнасы