389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірнеше ел министрлері Сириядағы оқиғаға қатысты тәуелсіз тергеу жүргізуді талап етті

  • 386
  • UPD: 11:34, 15.04.2017

Ресей, Иран және Сирия Сыртқы істер министрлері Хан-Шейхун қаласындағы оқиғаға қатысты тәуелсіз тергеу жүргізуді талап етті.

Мұндай мәлімдеме министрлердің Мәскеудегі кездесуінде жасалды. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, Батыс елдерінің химиялық шабуылға байланысты көп пікірі қисынға келмейді. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Сирия әскерінің ұшақтары Идлиб провинциясындағы Хан-Шейхун қаласын бомбалаған. Соққы кезінде әскерилер химиялық қару қолданды деген күдік бар. Өйткені шабуылдан кейін улы газдан жүзге жуық адам көз жұмған. Артынан АҚШ Сирия үкіметін айыптап, Жерорта теңізіндегі кемелерінен Хомстағы Шайрат әуе базасын атқылаған болатын.

Сергей Лавров, Ресей Сыртқы істер министрі:

- Біз Америка Құрама Штаттары Сирияның егемендігін құрметтеп, 7 сәуірдегідей әрекетке жол бермеуін талап етеміз. Өйткені мұндай қимылдар аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіреді. Ирак, Ливия және басқа елдердегі жағдай адамдардың әлі көз алдында.

Хабар 24 телеарнасы