389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстіккореялық компаниялар Қазақстанда бірлескен медициналық жобаларды іске асыруға дайын

  • 669
  • UPD: 14:39, 15.04.2017

Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Алексей Цой Сеулге сапары кезінде мәлімдеді.

Қазақстандық делегация Оңтүстік Кореяда үздік емханаларды аралап, медициналық құрал-жабдықтарды шығарушы компания өкілдерімен кездесті. Оңтүстік Кореяның Денсаулық сақтау саласын дамыту институтының деректері бойынша жыл сайын «таңғы самал еліне» емделу үшін 10 мыңға жуық қазақстандық келеді. Бірақ қазір еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарымыздың өз елімізде емделуіне бар жағдайды жасауға күш салып жатыр. Сондықтан кездесу барысында біздің делегация жергілікті инвесторларды Қазақстанға шақырды.

Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі:

- Салынып жатқан ауруханалар мен басқа да денсаулық сақтау нысандарында шетелдік әріптестер медициналық қызмет көрсету үшін барлық жағдайды жасауымыз керек. Бұл біріншіден, Қазақстанда медициналық хаб құруға мүмкіндік береді. Екіншіден, бүкіл Орталық Азия елдерінің азаматтары біздің елге келіп емделетіндей жағдайға қол жеткізетін боламыз.

Екіжақты келіссөздер кезінде ауруханалар салумен бірге медициналық құрал-жабдықтар және дәрі-дәрмек шығаратын бірлескен кәсіпорындар ашу мәселесі де талқыланды.

Айнұр Айыпханова, Денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директорының міндетін атқырушы:

- Сол толық портативтік эндоскоп 850 ғана АҚШ доллар тұрады. Ал шын мәнінде ол он-жиырма есе қымбат, кәдімге жолмен алсақ. Сондықтан біз қандай қазір заманауи Қиыр Шығыс елдерінде дамып келе жатқан технологиясы өте үздік нәрселерді үйрену үшін және оларды тезірек әсіресе ауылды жерлерге әкелу үшін келдік.

Оңтүстік Кореяда ауруханалардың жүз пайызға жуығы жеке меншік. Бұдан басқа, осы елде денсаулықты сақтандыру жүйесі жақсы жолға қойылған. Оңтүстіккореялықтар өз тәжірибесімен бөлісуге дайын.

О Чжонг Хи, Корея денсаулық сақтау индустрияны дамыту институты департаментінің директоры:

- Біз екі елдің медицина саласындағы мүмкіндіктерді зерттеу үшін екі мемлекет сарапшыларынан тұратын арнайы топ құруға келістік.

Қазақстанда заманауи жекеменшік ауруханаларды құру кезінде оңтүстіккореялық тәжірибені пайдалану көзделіп отыр. Еліміздің Денсаулық сақтау министрілігінің дерегі бойынша жеке ауруханалар мен емханалар медициналық қызметтің тоғыз пайызын құрайды. Билік бұл көрсеткішті алдағы екі жылдың ішінде кемінде екі есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Авторлары: Владислав Цой, Ли Сан Хён.

Хабар 24 телеарнасы