385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирак жауынгерлері Мосулдың ескі бөлігіне бекінген содырларды қыспаққа алды

  • 282
  • UPD: 15:22, 15.04.2017

Ирак жауынгерлері Мосулдың ескі бөлігіне бекінген содырларды жан-жақты қыспаққа алып жатыр.

Қоян-қолтық ұрыс Ән-Нури мешітіне таяп қалған. 2014 жылы дәл осы жерде «Ирак пен Левант» лаңкестік ұйымының жетекшісі Бакр-әл-Бағдади халифат құратынын жариялаған еді. Сондықтан бұл жердің содырлар үшін маңызы зор. Үкімет әскерінің хабарлауынша, қысымға ұшыраған лаңкестер жергілікті тұрғындардың үйіне жасырынып, оларды тірі қалқан ретінде пайдаланып жатыр. Мосулды азат ету операциясы басталған кезде билік мұнда шамамен 2 мың содыр бар деп бағамдаған. Бірақ бүгінде олардың саны екі есеге қысқарды. Айта кетейік, АҚШ басқаратын коалиция көмегімен Ирак әскері Мосул қаласын азат етуге осыдан 7 ай бұрын кіріскен.

Хабар 24 телеарнасы