387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ елдерінің бақылау бекеттерінде ұзын сонар кептеліс пайда бола бастады

  • 412
  • UPD: 15:22, 15.04.2017

Еуроодақ елдері шенген аймағы шекарасындағы кедендік тексерісті күшейткеннен кейін, бақылау бекеттерінде ұзын сонар кептеліс пайда бола бастады.

Әсіресе Хорватия мен Словения арасындағы күре жол саналатын Бергана-Обрежье шекаралық бекетінде кезек көп. Мұнда қаз қатар тізілген көліктің ұзындығы он шақырымға созылып жатыр. Жүргізушілердің шекарадан өту үшін кемі бес сағат күтуден өзге амалы жоқ. Еуроодақ басшыларының айтуынша, мұндай қадамдар террорлық қауіптің алдын алу үшін жасалып отыр. Сондықтан әр жүргізуші жіті тексеруден өткізіледі. 

Хабар 24 телеарнасы