389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың әуе шабуылынан Ауғанстанда опат болған содырлар саны артты

  • 438
  • UPD: 23:40, 15.04.2017

АҚШ-тың әуе шабуылынан Ауғанстанда опат болған содырлардың саны 90-нан асты. Барлығы Ирак пен Левант лаңкестік тобының жендеті.

Арасында ұйымның 4 басшысы да бар. Бұған дейін 36 экстремистің көзі жойылғаны жайлы хабарлаған едік. Айта кеткен жөн, 14 сәуірге қараған түні АҚШ әскері Ауғанстан аумағына өз арсеналындағы ең ірі бомбасын тастаған болатын. Бірақ бұл ядролық қару түріне жатпайды. Әуе шабуылы Ирак пен Левант лаңкестік тобына қарсы бағытталған. Салдарынан содырлардың жерасты бекіністері талқандалды. Бейбіт тұрғындар арасында адам шығыны жоқ. Негізі салмағы 10 тоннаға дейін жететін «Джи-Би-Ю-43» бомбасы алғаш рет 2003 жылы сынақтан өткізілген болатын. Алайда осы уақытқа дейін америкалықтар оны әскери мақсатта қолданбай келді.

Палстар Хан, жергілікті тұрғын:

- Ол жерде экстремистердің базасы орналасқан болатын. Америкалықтардың тастағаны шынымен ірі бомба. Салдарынан жер тұтас дірілдеп, теңселіп кетті. Әуе шабуылынан бейбіт тұрғындардың жапа шекпегені жақсы болды.

Хабар 24 телеарнасы