385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТГИЛ содырлары химиялық шабуыл жасады

  • 424
  • UPD: 07:47, 16.04.2017

Содырлар Мосул қаласының батысындағы аудандарда химиялық қару қолданған.

Бұл туралы The Associated Press агенттігі хабарлайды.

«Ирак пен Левант лаңкестік тобы» мұнда хлоры бар зымырандар ұшырған. Соның салдарынан 7 адамның тыныс алуы қиындап, ауруханаға түскен.

Жалпы «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» бейресми астанасы саналатын Мосулды азат ету операциясы былтыр күзден бері жүріп жатыр. Қаңтарда шаһардың шығысы толығымен жаудан тазартылған. Ал батыс аудандары үшін шайқастың жалғасып жатқанына 2 ай болды.

Хабар 24 телеарнасы