389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жерорта теңізінде 2 мыңнан астам заңсыз мигрант құтқарылды

  • 620
  • UPD: 07:48, 16.04.2017

Жерорта теңізінде бір тәулік ішінде 2 мыңнан астам заңсыз мигрант құтқарылды.

Оларды аман алып қалу үшін Италияның жағалау күзеті бас-аяғы 19 операция жүргізген. Өкінішке қарай, қайықтардың бірінен жеткіншектің жансыз денесі табылды.

Айта кеткен жөн, халықаралық көші-қон ұйымының мәлімдеуінше, биыл Еуропаға су жолымен шамамен 32 мың мигрант келген. Тағы 650-ден астамы қауіпті сапар кезінде опат болған немесе хабар-ошарсыз кеткен.

Хабар 24 телеарнасы