388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанда бағалы басылымдарды электронды форматқа көшіру үшін қаржы тапшы

  • 602
  • UPD: 19:20, 17.04.2017

Қырғыз Республикасының президенті сандық кітапханалар туралы Заңға вето қоюы мүмкін.

Себебі бюджетте бұл жұмыстарды қаржыландыруға ақша жоқ. Алайда елдегі бағалы кітаптарды жоғалтып алу қаупі төніп тұр.

Қазір Қырғызстанда 1062 кітапхана бар. Алайда олардың тек 162-сі ғана шын мәнісінде жұмыс істеп тұр. Әсіресе ауылдағы кітапханалардың жағдайы мүшкіл. Бюджетте қаржы жеткіліксіз болғандықтан, үкімет бағалы кітаптардың электронды нұсқасын әзірлеуге кірісті.

Дастан Бекешев, Қырғызстан Республикасы Жогорку кенешінің депутаты:

- Кітаптарды міндетті түрде электронды форматқа ауыстыру қажет. Біздің қорда 100, 150 жыл бұрын жарық көрген туындылар бар. Оларды сақтап қалуымыз керек. Электронды кітапханамызды жыл сайын толықтыру жоспарда бар.

Үкімет бұл жұмысты жақында ғана бастаған жоқ. Бішкектегі кітапханалар электронды форматқа ауыстыру соңғы бірнеше жылдан бері жүргізіп келеді. Ол үшін шетелдік донорлардың ақшасын тартуға тура келді. Кейбір мемлекеттер Қырғызстанға арнайы гранттар берді. Бірақ бұл қаржы тек «Манас» эпосы сияқты бағалы басылымдарға ғана жетті.

Роза Сұлтанғазиева, кітапхана директоры:

- Әрине, электронды кітапханалардың болашағы зор. Бүкіл әлем осындай жүйе арқылы көптеген туындысын сақтап қалды. Бірақ олар кітаптарын да жоғалтып алмауға тырысады.

Қалай болғанда да, билік бағалы басылымдарды электронды форматқа көшіру жұмыстарын жалғастырады. Басымдық жергілікті авторлардың шығармаларына беріледі. Бірақ бұл жұмыс тек келер жылы басталмақ. Себебі биыл ел бюджетінде қаражат тапшы.

Авторлары: Дариға Ташенова, Бакыт Чермашев 

Хабар 24 телеарнасы