384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Малиде төтенше жағдай тәртібі ұзартылды

  • 339
  • UPD: 15:19, 20.04.2017

Мали билігі төтенше жағдай тәртібін тағы 10 күнге ұзартты.

Оған 18 сәуірде әскери лагерьге жасалған шабуыл түрткі болған. Қастандық салдарынан 5 жауынгер қаза тауып, тағы оны жараланды. Негізі лаңкестік қаупіне байланысты төтенше жағдай тәртібі наурыздың аяғында енгізілген болатын. Сол уақыттан бері ол ұзартылып келеді.

Айта кеткен жөн, 2011 жылы Ливияда Муаммар Каддафи биліктен тайдырылғаннан кейін мұндағы туарег тайпалары көрші Малиге бас сауғалаған. Кейін елдің солтүстігінде өзін-өзі жариялаған тәуелсіз Азавад мемлекетін жария етті. Сондықтан былтыр БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Малиде жаңа бітімгерлік миссия бастаған болатын. Оған 12 мыңға жуық жауынгер жұмылдырылған. 

Хабар 24 телеарнасы