386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда паром жағалаудағы бөгетке соғылды

  • 425
  • UPD: 14:12, 23.04.2017

Испанияның Канар аралдарында бортында 140 жолаушысы бар паром жағалауға соғылды.

Салдарынан 13 адам жарақат алып, бесеуі ауруханаға түсті. Дегенмен олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ал кемежайдағы бөгет пен паром қатты зақымданған.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, апаттан кейін су бетінің шамамен 3 шаршы шақырым аумағына жанармай жайылған. Апат аймағында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Билік өкілдері қазір суды тазалау жоспарын құруға кіріскен. Мәліметтерге қарағанда, оқыс оқиғаға паромдағы электр қуатының бірден үзіліп, соның кесірінен қозғалтқыштың істен шығуы себеп. 

Хабар 24 телеарнасы