389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Синдзо Абэ мен ДональТрамп тығыз қарым-қатынас орнатуға уағдаласты

  • 483
  • UPD: 15:15, 24.04.2017

Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ мен АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея ұстанымына қарсы тығыз қарым-қатынас орнатуға келісті.

Жапон премьерінің айтуынша қос мемлекет Пхеньяннан ұстамды болуды талап етіп отыр. Өйткені Солтүстік Кореяның ядролық және баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізуі  Корей түбегіндегі бейбітшілікке қауіп төндіреді.

Синдзо Абэ, Жапония Премьер-Министрі:

- Солтүстік Кореядан арандатушылық әрекетті доғарып, ұстамды болуды бірауыздан талап етеміз. Оның зымырандарды сынақтан өткізуі - халықаралық қауымдастықпен қатар біздің елдің қауіпсіздігіне де қатер төндіреді.

Хабар 24 телеарнасы