389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекия жағалауында мигранттар мінген қайық суға батты

  • 596
  • UPD: 10:33, 25.04.2017

Грекия жағалауында мигранттар мінген қайық суға кетті.

Салдарынан 16 адам ажал құшқан. Қаза тапқандардың кейбірінің мәйіті Лесбос аралының маңынан, ал қалғандарынікі Түркия жағалауынан табылған. Қаза тапқандар арасында балалар мен әйелдер бар. Ал құтқарушылар 2 адамды аман алып қалған. Олардың бірі аяғы ауыр келіншек болып шықты.

Халықаралық көші-қон ұйымының хабарлауынша, биылғы жылдың алғашқы 3 айында Еуропаға теңіз арқылы 27 мың 500 босқын келген. Олардың 80 пайызы Италияға табан тіресе, қалғандары Грекия мен Испания шекарасынан асқан. Сондай-ақ 650-ден астам мигрант қауіпті сапар кезінде көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы