384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі ең қауіпті қала анықталды

  • 990
  • UPD: 11:12, 25.04.2017

Әлемдегі ең қауіпті қала белгілі болды.

Жаһан елдері жайлы мәлімет жинаумен айналысатын Numbeo порталының рейтингісі бойынша, ол Венесуэла астанасы Каракас деп танылған. Үштікке сондай-ақ Гондурас пен Оңтүстік Африка Республикасының елді мекендері кірген. Ал Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Даби ең қауіпсіз шаһар деп танылды. Мұнда 100 мың тұрғынға шаққанда 83,8 құқық бұзу дерегінен келеді екен. Қауіпсіз елді мекендер үштігінде сондай-ақ Германиядағы Мюнхен, Тайвань аралындағы Тайбэй де бар. Жалпы рейтинг құру кезінде 378 шаһардағы ахуал ескерілген.

Хабар 24 телеарнасы