383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каракас Америкалық мемлекеттер ұйымынан шығады

  • 370
  • UPD: 10:56, 27.04.2017

Венесуэла билігі Америкалық мемлекеттер ұйымынан шығу процесін бастайды.

Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Делси Родригес мәлімдеді. Егер ресми Каракас құрылымнан шығып кетсе, Америка құрлығындағы ұйымға мүше емес жалғыз мемлекет атанады.

Айта кетейік, бүгінде Венесуэла саяси әрі экономикалық дағдарысқа тап болып отыр. Елдегі ахуалдың нашарлауына байланысты тұрғындардың наразылығы да үдей түсті. Соңғы мәліметке қарағанда 4 сәуірден бері шаһарларда ушыққан ереуілден 29 адам қаза тауып, 65 бұзақы тұтқындалған.

Николас Мадуро, Венесуэла президенті:

- Оппозиция мүшелері ортақ мәмілеге келуден бас тартып, тығырыққа тіреліп отыр. Енді билікті тықсырып, ел ішін іркіттей ірітпек ойы бар. Бірақ мен бейбітшілікті жақтаймын. Тыныштық пен бірлік болса ғана кез келген қиындықты еңсере аламыз.

Хабар 24 телеарнасы