386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия Бундестагы бет-ауызды тұмшалайтын киім киюіне тыйым салатын заң жобасын мақұлдады

  • 542
  • UPD: 10:53, 29.04.2017

Германия Бундестагы мемлекеттік қызмет, сот және әскери саладағы адамдардың бет-ауызды тұмшалайтын киім киуіне тыйым салатын заң жобасын мақұлдады.

Дегенмен оңшылдар партиясы бұған қанағаттанбай, Франциядағыдай қоғамдық орындардың бәрінде қымтанып киінуге тыйым салуға шақырды. Мемлекет аумағында бетті бүркеп жүруді заң жүзінде шектеу туралы бастаманы өткен жылы канцлер Ангела Меркель көтерген еді. Ол өз сөзінде Германия үшін мұның жат екенін айтып, адамдар бір-бірімен жүзін көрсетіп, ашық сөйлесуі керектігін алға тартқан. Айта кетейік, қоғамдық орындардағы мұндай тыйымды 2011 жылы Еуропада алғаш рет Франция енгізді. Ал 2016 жылы осындай ережені Швейцария, 2017 жылы Австрия қабылдады.

Томас де Мезьер, Германияның Ішкі істер министрі:

- Заң жобасы Германия конституциясының барлық талаптарына сай. Бірақ атқаратын жұмыс артады. Енді барлық тәртіп сақшысы тиісті ақпараттары бір жүйеге жинақтап, сұрыптауға мүмкіндік алады және қажет болса, оны барлығы қолданады. Сонымен қатар біз өз құндылықтарымызды дәріптеп, өзге мәдениеттерге құрметтің де шегі бар екенін көрсетуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы