378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда порттағы кранның құлауынан 5 адам қаза тапты

  • 343
  • UPD: 22:24, 01.05.2017

Оңтүстік Кореяның Кодзе кемежайында 32 тонналық мұнаралы кран құлап, 5 адам қаза тапты, тағы 14-і жарақат алған.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оның астында басқа да адамдар қалып қоюы мүмкін. Ауруханаға жеткізілген жұмысшылардың алтауының халі мүшкіл. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Әзірге кранның құлауына не себеп болғаны белгісіз. Ал құрылыс жүріп жатқан алаң «Самсунг груп» бірлестігіне қарасты компанияға тиесілі болған.

Хабар 24 телеарнасы