Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэла президенті елдегі ең төменгі жалақыны 60 пайызға өсірді

  • 424
  • UPD: 15:21, 02.05.2017

Венесуэла президенті Николас Мадуро аймақтық сайлау өткізіп, мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер және полицейлердің жалақысын өсіруге уәде берді.

Бұл туралы Мадуро жергілікті телеарнада берген сұхбатында мәлімдеді. Ал губернаторларды сайлау былтыр өтуі керек еді. Бірақ биліктің оны кейінге шегеруі және елдегі экономикалық ахуалдың нашарлауы халықтың наразылығын туғызып, Венесуэлада шерулер көбейді. Салдарынан 29 адам көз жұмған. «Егер өңірлік сайлау өтетін болса, оппозиция жеңіске жетеді», - дейді сарапшылар. Мадуроның қарсыластары оны биліктен кетіріп, келесі жылы президенттік сайлау өткізуді қалайды.

Николас Мадуро, Венесуэла президенті:

- Мен төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерін және мемлекеттік қызметкерлердің барлығының еңбекақысын 60 пайызға көтеру туралы шешім қабылдадым. Сондай-ақ аймақтық сайлау өткізуді қолдаймын. Себебі халыққа сенемін.

Хабар 24 телеарнасы