386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропада лаңкестік қаупі сейілмей тұр

  • 401
  • UPD: 17:38, 02.05.2017

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті кәрі құрлыққа сапарға аттануды жоспарлаған америкалықтарға осындай ескерту жасады.

Бұл хабарлама 1 қыркүйекке дейін өзектілігін жоймайды. Департамент өкілдерінің айтуынша, қаскөйлер мемлекеттік мекемелер, әуежай, ғибадатхана мен туристік инфрақұрылым нысандарын көздеуі мүмкін. Осы ретте америкалықтарға жаңалықтарды жіті қадағалап, жақындарымен үнемі байланыста болуға кеңес берілді. Негізі осының алдында британдық полицейлер қауіпсіздік шараларын күшейткен болатын. Өйткені құқық қорғаушылар «алдағы уақытта Корольдікте екі лаңкестік әрекет жасалуы мүмкін» деген хабар алған.    

Хабар 24 телеарнасы