387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мосул лаңкестерден осы айдың аяғына дейін азат етілуі мүмкін

  • 382
  • UPD: 17:39, 02.05.2017

Ирактың Мосул қаласы осы айдың аяғына дейін азат етілуі мүмкін.

Бұл туралы елдің қарулы күштері бас штабының жетекшісі мәлімдеді. Негізі шаһар «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» мемлекеттегі бейресми астанасы саналады. Оны жаудан тазарту шарасы өткен жылдың күзінен бері жүргізіліп келеді. Қаңтарда қаланың шығысы толығымен үкімет жасағының бақылауына өтті. Батыс аудандары үшін шайқас ақпаннан бері жүріп жатыр. Әскери операция басталғанда Мосулда 6 мыңға жуық экстремист болған. Барлау қызметінің хабарлауынша, қазір олардың саны 300-ге жетер-жетпес.

Хабар 24 телеарнасы