382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде акапелладан халықаралық ән байқауы өтеді

  • 368
  • UPD: 17:16, 03.05.2017

Мәскеуде халықаралық акапелла ән байқауы өтеді. Бұл додаға аспаптың сүйемелдеуінсіз ән шырқайтын кез келген өнер ұжымы өтініш бере алады. Осы байқау жарияланғаннан бастап, әншілер қала көшелері, вокзал маңындағы алаңдар мен сауда орталықтарында ән шырқап жүр.

Мұнда джаз, блюз және басқа да стильдегі әндерді ести аласыз. Себебі, бұл байқауда әншілерге қандай ән орындаймын десе де  шектеу жоқ. Тек, әншілер аспаптың сүйемелдеуінсіз айтатындықтан, әнді бар дауысымен шырқауы тиіс. Яғни, «акапелла» айтады.  

Виталий Грувер, байқауға қатысушы:

- Акапелла байқауына қатысу үшін бар өнерімді салуға тырысып бағамын. Дайындық үшін түрлі алаңдарды таңдадым. Адам қарасы аздау жер ыңғайлы. Жаңа арбат алаңы желді болғандықтан аздап кедергілер болып жатыр.

Ән байқауына Ресей қалаларымен қатар,  шет мемлекеттер, АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Италия,Франция елдерінен жүзден астам өнер ұжымдары қатысуға өтініш білдірген. 

Ярослав Анисимов, байқауға қатысушы:

- Бұл байқау әншінің жанды дауыста ән шырқауына жақсы мүмкіндік. Әрі акапелла айту арқылы  көрерменге бір табан жақындай түседі. 

Никита Курилов, байқауға қатысушы:

- Акаппела бұл аспаптың сүйемелдеуінсіз ән шырқау. Сондықтан, біз кез-келген адамға музыканың түрлі жанрында ән шырқау мүмкін екенін жеткізгіміз келеді. 

Әр әншінің орындауын қазылар алқасы бағалайды. Сәйкесінше өнерпазға қойылар талап та осал емес. Киген киімінен бастап, биге икемдігі, ән жанрын дұрыс орындауы, әндердің сапасын сынға алады. Ал, көрермендер ұнаған әншісіне сайт арқылы дауыс бере алады. 

БЛИЦ:

- Маған ұнады. Осындай ауа райында көңіл көтеретін әндерді тыңдап, бір серпіліп қалдым.

- Ғажап орындаулар. Мұндай байқау жиі ұйымдастырылып тұрса екен деймін. 

- Маған да ұнады. Келгеніме еш өкінбеймін. Құлақ құрышын қандыратын әндер айтылды. 

Байқау жеңімпазы тек 7 мамырда анықталады. Жүлде қоры 16 миллион рубльді құрап отыр. Сондықтан әншілер өнерін аяп қалмады. 

Авторлары: Дана Нуржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы