389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дамаскінің маңындағы қалаға жарты жылдан бері көмек жеткізілді

  • 391
  • UPD: 20:43, 04.05.2017

Сирия астанасы Дамаск шаһарының солтүстік шығысында орналасқан Дума қаласына қазан айынан бері алғаш рет гуманитарлық көмек жеткізілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Халықаралық Қызыл Крест қорының ұйымдастыруымен шаһардың 35 мың тұрғынына азық-түлік пен дәрі-дәрмек тиелген 51 жүк көлігі жетті. Сонымен қатар басым бөлігі жергілікті күрд жауынгерлерінен құралған «Сирияның демократиялық күші» сәуір айының басынан бері «Ирак пен Левант» лаңкестерінің уысынан 800 шаршы шақырым аймақты азат етті. Дегенмен, елдегі ахуалдың беті бері қарады деуге келмейді. Сириядағы жағдайды тұрақтандыру үшін Астана процесінде тараптар мұнда төрт қауіпсіз аймақ құру туралы меморандумға қол қойды.

Хабар 24 телеарнасы